Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оңтүстік өңірлердің халқы бүгінде табиги газды толық көлемде алып отыр

AstanaTV
10.02.2014ж. 20:00
1254
Оңтүстік өңірлердің халқы бүгінде табиги газды толық көлемде алып отыр

Оңтүстік өңірлердің халқы бүгінде табиги газды толық көлемде алып отыр. Тұрғындарды көгілдір отыннан тарықтырмас үшін, ірі кәсіпорындарға біраз шектеу қойылған. Бұл жөнінде «Қазтрансгаз» АҚ бас директоры арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында хабарлады. Компания сонымен қатар 2013 жылды қорытындылап, алдағы жылдың жоспарланған межелерімен таныстырып өтті.


Оңтүстік өңірлердің газдан қағылуына Өзбекстанда күннің күрт суытуы себеп. Қалыптасқан жағдайға қысымның түсуіне дер кезінде ден қоймаған ірі кәсіпорындардың да кінәсі бар. Елді газбен қамтушы алпауыт «Қазтрансгаздың» уәжі осы.


Серік Сұлтанғали, «Қазтрансгаз» АҚ бас директоры:


Тексерілмеген кейбір шенеуніктер, арасында журналистер бар, ести сала, "ойбай, 2 мың газ жоқ, анау-мынау" деп, бізде бәрі әкімдікпен келісілген, осыны біліп, шартқа қол қойғанбыз. Егер осындай жағдай болса, ТЭЦтер, Жамбыл ГРЕСі, олар міндетті түрде 1 сағат ішінде запаста жатқан жанармайына көшу керек. Ол мазут, көмір. Ол да уақытында істелмеген.


Яғни жылу электр орталықтары сияқты ірі кәсіпорындар резервтік отынға кеш көшкен. Салдарынан газ реттеуші пунктер автоматты түрде істен шыққан. Алайда бұл Қазақ елі Өзбекстан газына тәуелді деген сөз емес.


Серік Сұлтанғали, «Қазтрансгаз» АҚ бас директоры:


Ол таза Өзбекстанның газы емес, ол біздің газ. Өзіміздің Қарашығанақтың газы кіреді, оның 80 пайызы өзімізге қайтып келеді. Соның арқасында баға ұстап отырмыз. Өз газымызды «Газпромға» береміз. «Газпром» Өзбекстанға береді, одан қайтіп бізге келеді. Сатып алатын газ емес.


Өз газымызды ары бері айдаудың бірден бір себебі - инфрақұрылымның жоқтығы. Сондықтан да елдің тоғыз аймағы ғана газбен қамтылған бүгінде. Инфрақұрылым мәселесі толық шешілмегендіктен, бауырлас Өзбек елімен қарым-қатынасты үзе алмаймыз. Өткен жылдың жетістігін айтқанда, Түркістанды айналып өтуге болмас. "Қазтрансгаз" қаланың іргесіне дейін газ құбырын тартып берді. Енді көгілдір отынды үйді үйге жеткізу жергілікті билік мойнындағы шаруа.


Қолын бос қойдық. Өздерінің жоспарлары бар, Түркістан әкімі болсын, облыс әкімі болсын. Сондықтан ішке кіргізу жұмысы басталды.


Айта кетерлігі, «Қазтрансгаздың» өткен жылғы таза табысы 51 млрд теңгені құраған. 2012 жылмен салыстырғанда бұл 80 пайызға артық. Компания «Бейнеу- Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының 1143 шақырымын іске қосты. Бұл өз кезегінде оңтүстік өңірдегі газ тапшылығына тосқауыл болмақ.


Айгүл ӘДЕПБАЙ