Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда апат салдарынан ажыратылған жылу бүгін қайта қосылды

AstanaTV
11.02.2014ж. 10:00
982
Алматыда апат салдарынан ажыратылған жылу бүгін қайта қосылды

Алматыда жарылған жылу құбыры тәулік ішінде қайта қалпына келтірілді. Бұл туралы бүгін «Алматы жылу Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз орталығы хабарлады.

Ақпар бойынша, дәнекерлеу жұмыстары түнгі сағат бір шамасында аяқталған. Ал құбыр жүйелеріне жылу толықтай түнгі төртте берілген.

Айта кетейік, кеше орын алған оқыс оқиғадан кейін 134 нысан жылудан ажыратылған болатын. Райымбек пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған апаттан 4 адам зардап шегіп, 63 тұрғын үй, 3 балабақша мен 3 мектеп және 2 аурухана жылусыз қалған-ды.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, кеше түнде Алматыда ауа температурасы -20 градусқа дейін төмендеген. Алайда бұған қарамастан, апат көзі толықтай қалпына келтірілді, - дейді коммуналдық мекеменің баспасөз қызметі.

Жұрағат БАМАН