Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

АҚШ Ауғаныстанға көмек ретінде 300 миллион доллар бөлмек

AstanaTV
11.02.2014ж. 10:00
1282
АҚШ Ауғаныстанға көмек ретінде 300 миллион доллар бөлмек

Америка Құрама Штаттары Ауғаныстанға тағы да қол ұшын созды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкіліне сілтеме жасай отырып шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлайды.

Вашингтон Ауғаныстанның әлеуметтік саласына көмек ретінде 300 миллион доллар қаржы бөлмек. Мұндай қомақты қаржы үш түрлі салаға бөлінеді деп күтілуде: ол - сауда, еңбек нарығы және ауыл шаруашылығы саласы.

Сарапшылардың болжамынша, АҚШ бұл қадамға жуырда Кабул мемлекетімен болған ұрыс-керістен соң барып отыр. Америка Үкіметі Кабул билігін бөлінген қаражатты дұрыс пайдалана алмағаны үшін айыптаған.

Еске салайық, қаржыны мақсатты пайдаланбай, талан-таражға салғандар қатарында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі де бар. Дегенмен, Вашингтон бұл ұйымға жауапты істі тағы да тапсырды. Ал өз кезегінде, Хамид Карзай Ақ үймен қауіпсіздік туралы мұндай келісімге әлі күнге қол қойған жоқ.

Сымбат МОЛДАТАЙ