Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Швейцария елге қоныс аударушылар санын қысқартады

AstanaTV
11.02.2014ж. 10:00
2436
Швейцария елге қоныс аударушылар санын қысқартады

Швейцариялықтар Еуропалық одақтағы миграцияны шектеу туралы атышулы Заңға қарсы дауыс берді. Бұл заң Еуроодақ құрамындағы елдерден мигранттардың емін-еркін көшіп- қонуына шектеу қоюды көздейді.

Швейцария - экономикасы тұрақты мемлекет, сондықтан, өмірін жақсартуға талпынған еуропалықтардың осы елге құштар екені белгілі. Реферундум жаңа рекорд орнатты, оған сайлаушылардың 56% қатысты. Жыл сайын Швейцарияға 80 мың адам келіп қоныстанса, соның үштен бір бөлігі - батыс еуропалықтар. Жаппай қоныстану салдарынан қазір елдегі халық саны 8 миллионға жетті. Бұған жергілікті тұрғындар наразылық танытуда. Өйткені, жедел өсіп жатқан демография ел инфрақұрылымына, оның ішінде көлік және тұрғын үй саласына кері әсер етеді.

Соңғы жылдары елдегі тұрғын үй құны күрт артып отыр. Жұмыс берушілер де көп жағдайда арзан айлыққа келісе беретін шетелдіктерді жұмысқа алуда. Ал бұл жағдай жергілікті халыққа мүлдем ұнамайды. Швейцариялық радио хабар тарату корпорациясының жүргізген сауалнамасы бойынша, аталған бастаманы жергілікті тұрғындардың 43% қолдаса, 50% көші-қон саласындағы жаңа бастамаға қарсылық танытып отыр.

Айта кетейік, Швейцария әлемде референдум өткізуден бірінші орын алады. 1948-жылдан бері осы елде 500-ден астам жалпыұлттық рефрендум өткен.

Сымбат МОЛДАТАЙ