Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Орта Азия елдеріне тауар экспорты мәселесі талқыланды

AstanaTV
11.02.2014ж. 13:00
827
Орта Азия елдеріне тауар экспорты мәселесі талқыланды

Ауғаныстанға қазақ елі де көмек беруін жалғастыра түспек. Бұл туралы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы аймақтық ынтымақтастық жөнінде USAID жобасымен бірлесіп өткізген бизнес-семинар барысында айтылды.

Арнайы ұйымдастырылған жиында қазақ елінің Орта Азияға шығаратын экспорттық потенциалын арттыру тетіктері талқыланды. Жиынға қатысушылар Ауғаныстанды бірінші қажеттіліктегі тұтыну тауарларымен қамтуды жалғастыра түсетіндерін айтып өтті.

Виктор Продидович, Аймақтық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі USAID жобасының жетекшісі:

Оңтүстік бағыттағы елдермен жұмысты одан әрі жетілдіре түсеміз. Өйткені, ол жақта Қазақстан тауарына сұраныс бар. Мәселен, 30 млн-нан астам халқы бар Ауғаныстан қазақ өніміне мұқтаж. Біздің жеткізетініміз бірінші кезекте ұн, бидай, күнбағыс майы сияқты алғашқы тұтыну тауарлары.

Алайда, тек Ауғаныстан емес, көршілес қырғыз және өзбек елдерімен де сауда-саттықты нығайту мәселелері қарастырылды. Бизнес-семинар қатысушылары Орта Азия экспорты туралы айтқанда көлік логистикасы проблемасын айналып өтпеді. Тауар тасымалының тиімділігін арттыру - басты мақсаттың бірі. Жоба жетекішілері елімізде киіз басып, кілем тоқу дәстүрін жаңғырту керектігін де атап өтті. Орталық Азияда қазақ қолөнер туындылары да сұранысқа ие екен.

Айгүл ӘДЕПБАЙ