Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Екінші деңгейлі банктердің бағамы тым алшақ

AstanaTV
11.02.2014ж. 13:00
1058
Екінші деңгейлі банктердің бағамы тым алшақ

Ұлттық банк белгілеген бағам мен екінші деңгейлі банктердің бағамы арасында аяқастынан, айтарлықтай алшақтық пайда болды.

Мысалы, БТА банктың ресми сайтында бір АҚШ долларын сатып алу - 180 теңге де, сату бағамы - 195 деп көрсетілсе, «Альянс банктің» сайтында банк бір долларды - 155 теңгеден сатып алатыны, ал сату құны - 215 теңге екені жарияланған.

Ал Ұлттық банктың өз сайты сағат оннан бастап істен шықты. Сондықтан, жаңа бағам туралы ақпарат әзірге жарияланбаған.

Осы сағатта Алматыда Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың қатысуымен баспасөз маслихаты өтуде. Толық апқпаратты қортынды жаңалықтардан көріңіздер.

Сәкен ӘБДИЕВ



 

Алдыңғы жаңалық