$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Елімізде баласына екпе жасатудан бас тартқан ата-ана саны азаймай отыр

AstanaTV
27.04.2016ж. 20:00
1967
Елімізде баласына екпе жасатудан бас тартқан ата-ана саны азаймай отыр

Елімізде баласына екпе жасатудан бас тартқандар саны азаймай отыр. Астанада жыл басынан бері 41 ата-ана баласына екпе салдырмаған. Бүгін Астанада қалалық Тұтынушылар құқтарын қорғау департаментінің бастамасымен иммунизация мәселесі  талқыланған жиында осындай ақпар айтылды.

Ресми есепке қарағанда, 2013 жылы вакцина алуды 2 мың адам қаламаса, қазір бұл көрсеткіш екі есеге өсіпті. Мәселен, былтыр Астанада 29 мың нәресте дүниеге келген. Соның алғашқы екпеден 154-нің, емханада жасалатын вакцинадан 441-нің атынан өтініш түсіпті. Сондықтан елде сәуір айының 24-нен 30-ы аралығында Дүниежүзілік иммунизация апталығы өткізіліп жатыр.

Мара Битенова, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы қорғау бөлімінің бас маманы:

Сол бас тартқан 441 сәбидің 226-сы кейін епке алды. Ал 154-тің 84-і салғызды. Биылғы алғашқы тоқсанда 40 адам бас тартты. Оның 12-сі діни сенімін алға тартса, 12-сі жеке қорқынышын айтқан. Мұның арты, керісінше, ауруды арттыруы мүмкін.

Мамандар бас тартудың себебі де сан түрлі дейді. Мәселен, бірі "екпенің бала ағзасына кері әсері бар" дегенге сенсе, енді бірі діни көзқарасты алға тартады. Ал жиынға қатысқан имамдар шариғатта ондай тыйымның жоқтығын айтады.

Нұрбол Әубәкіров, имам:

Жалпы екпенің құрамында шариғатта спирт, доңыз майы болмаса, ешқандай қарама-қайшылығы жоқ. Вакциналық екпе егуге мамандар қарсы емес. Оған мысал ретінде айтсақ, Мысырдағы Әз-әл-Азхар ислам университеті жанындағы ғұламалар кеңесі рұқсат еткен. 

Құралай ПИОНЕР