Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанада 5 күнге жалғасқан республикалық діни-ақпараттық насихат шарасы басталды

AstanaTV
27.04.2016ж. 20:00
1907
Астанада 5 күнге жалғасқан республикалық діни-ақпараттық насихат шарасы басталды

«Зайырлы қоғамдағы діннің рөлі мен орны». Астанада осындай тақырыппен 5 күнге жалғасқан республикалық ақпараттық насихат шарасы жүргізіліп жатыр. Оған Астана қаласының әкімдігі тікелей бастама болған. Насихат тобының құрамында білікті дінтанушылар, ғалымдар, психологтар, теологтар және қоғам қайраткерлері бар. Тағылымдық мәні зор кездесудің алды «Абу Даби Плаза» құрылыс алаңындағы 3 мың қызметкерге ұйымдастырылды. Мұнда мамандар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын жиналғандарға түсіндіріп, жаһандық қауіптің бірі - лаңкестік жайында кеңінен сөз қозғады. 

Қабылбек Жұмабеков, «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы:

Кездесудегі мақсатымыз - қазіргі таңда ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен осындай Республикалық ақпараттық түсіндірме тобы құрылған. Топтың мақсаты - осы жастарға асыл дінімізді түсіндіру. Қазақта жақсы сөз бар ғой. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген. Ақылды мұсылман адам біреуден мысал алады.

Діни қағидаттар түсіндірілген кездесу енді жоғарғы оқу орынындағы жастарға, Астана қаласының аудандарындағы пәтер иелері кооперативтеріне, қылмыстық атқару жүйесі департаменті мекемелерінде, Ішкі істер және прокуратура қызметтеріне де ұйымдастыру қарастырылған. Делегаттар «ЭКСПО-17» көрмесінің құрылыс алаңына да бармақ ниетті. Сонымен қатар, іс-шара барысында Астана қаласы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» шығарған ақпараттық парақшалары да таратылмақ. 


Құралай ПИОНЕР