Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Девальвация Қазақстанның алпауыт компанияларына кесірін тигізеді

AstanaTV
18.02.2014ж. 13:00
1028
Девальвация Қазақстанның алпауыт компанияларына кесірін тигізеді

Девальвация Қазақстандағы энергетикалық компанияларға кесірін тигізіп отыр. Fitch халықаралық рейтинг агенттігінің есебінше, теңге бағамының түсуі елдегі энергетика және транспорттық компаниялардың несиелік қабілеттілігіне үлкен қысым түсірмек. Себебі, мекемелердегі шығын мен пайда екі түрлі валютада алынады.

Ал қазақстандық компаниялардың басым бөлігі қаржыларын сақтандырмайды. Агенттік ақпаратынша, елдегі энергетика және транспорттық компаниялардың 75% қаржыны шетел валютасымен белгілейді. Дегенмен, қаржының көп бөлігі ел ішінде ұлттық валютамен жұмыс істейді. Осы орайда девальвациядан ең көп зардап шеккен «KEGOC», «Қазақстан темір жолы» және «Самұрық-Энерго» деп топшылайды агенттік.

«KEGOC» және «Самұрық-Энерго» компанияларындағы қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі тартылған капитал бойынша міндеттемелердің әлсіреуіне әкеп соғады. Бұл жағдайда компания міндеттемелер, яғни ковенанттар бойынша көрсеткішті реттеп, я болмаса мемлекеттен көмек сұрауы керек. Теңгенің кенеттен құлдырауы ішкі борыш нарығындағы потенциалды пайыздық төлемдердің артуы мен инфляциялық қысым салдарынан өршуі мүмкін. Ал реттемелі тариф компаниядағы үлкен шығындардың орнын толтыруға кесірін тигізуі мүмкін.

Әлия ӘШІМ