Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Корея Біріккен Ұлттар Ұйымымен келіспейді

AstanaTV
18.02.2014ж. 10:00
1743
Корея Біріккен Ұлттар Ұйымымен келіспейді

Корея Біріккен Ұлттар Ұйымымен келіспейді. Елдегі мыңдаған шенеунікті адамзатқа қарсы қылмысқа барды деп айыптаған ұйым мәлімдемесін Пхеньян толық теріске шығарды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымындағы Корей өкілі хабарлады.

Дипломаттар сөзіне сенсек, халықаралық ұйым мәлімдемесі - негізсіз, тек қаралау ғана.

Айта кетейік, баяндамада елдегі жаппай адам құқығының тапталып жатқаны жазылған. Тіпті, комиссия соңғы 50 жылда Солтүстік Корея лагерьлеріне жабылған саяси тұтқынның жүзге жуығы опат болғанын жеткізген. Себебі, ел билігі ұсталғандарды аштан-аш, зәбір көрсетіп ұстапты. Мамандардың бұл баяндамасымен АҚШ мемлекеттік департаменті де келісіп отыр.

Әлия ӘШІМ