$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ливия халқы Каддафи өлімінің үш жылдығын атап өтуде

AstanaTV
18.02.2014ж. 10:00
1862
Ливия халқы Каддафи өлімінің үш жылдығын атап өтуде

Ливия халқы Муаммар Каддафи өлімінің үш жылдығын тойлап жатыр. Каддафиді тақтан тайдырған төңкерістің мерейтойы кешегі түннен жалғасуда.

Алаңға жиналған жұртшылық жалау көтеріп, аспанға от шашып жатыр. Тіпті мұндағы халық үш жыл бұрынғы Каддафидің күйреуін елдің бостандық алуымен теңестіруде. Десе де, халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы елде әлі де тұрақсыздық сақталып отырғанын айтады.

Пайымдауларынша, қазіргі ел билігі Каддафи кезіндегі қатаң заң жобаларын дәлме-дәл көшіріп отыр. Қазір Ливияның Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізілді. Құжат бойынша 17-ақпандағы революцияға қатысты сын айтқандардың барлығы қатаң жазаға ілінбек.

Валед А.Л.Хамрони, жергілікті тұрғын:

Біз ұлы кезеңді тойлап жатырмыз. Елімнің жалауын үлкен абыроймен көкке көтеріп, осындай қиын шақтан мойымай өткенімізді мақтанышпен айта аламын. 

Әлия ӘШІМ