Мысырдағы туристік автобустың
жарылысын «Ансар Бейт аль-Макдис»
исламистік тобы өз мойнына алып отыр.
Мысыр құқық қорғаушыларының мәліметінше,
жанкешті автобустың ішінде өзін-өзі жарып жіберген. Лаңкестік топ билік
өкілдеріне қарсы ашық экономикалық соғыс жариялап отырғандарын мәлімдеп,
шетелдік туристтерді 20 ақпаннан кейін елді босатуға үндеп жатыр. Өйткені
террористік әрекеттер жалғаса береді деп
ашық айтты олар.
Еске салсақ, кеше Мысырда Оңтүстік Кореяның 33 азаматы мінген
туристік автобус жарылып, екі турист пен қоғамдық көлік жүргізушісі қаза тапқан.
Тағы 14 адам зардап шекті.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА