$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Білім және ғылым министрлігі мен Жаңа технологиялар мен индустрия министрлігі біріге жұмыс істемейді

AstanaTV
19.02.2014ж. 10:00
1907
Білім және ғылым министрлігі мен Жаңа технологиялар мен индустрия министрлігі біріге жұмыс істемейді

Білім және ғылым министрлігі Қазақстан технопарктерінің қызметін жетілдіру жолында тиісті үлес қоспай отыр. Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Бишімбаев ведомствоны осылайша сынға алды.

Айтуынша, отандық инновациялық жобалардың ілгері басуына тікелей жауапты Білім және ғылым министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министріліктерінің  арасында ауызбіршілік жоқ. Технопарктер жоғары оқу орындарымен байланыс жасамайды. «Салдарын өздеріңіз де көріп отырсыздар, инновациялық идеяларды ұсынып отырған білікті мамандар жоқтың қасы», - дейді депутат.

Уәлихан Бишімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Екі министрлік бір-бірімен осы мәселеге координация жасап жұмыс істемейді. Білім және ғылым министрлігі мен Жаңа технологиялар мен индустрия министрлігі бірге байланысып жұмыс істемейді. Айту керек, Индустрия министрлігі бұл мәселеге көп көңіл бөледі. Осы күнге шейін Білім министрлігі онша көңіл бөлмейтін болған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА