Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Өскеменде қазір бір қолға бір қап қанттан сатылып жатыр

AstanaTV
18.02.2014ж. 20:00
1095
Өскеменде қазір бір қолға бір қап қанттан сатылып жатыр

Өскеменде - қант қарбаласы. Қазір бір қолға бір қап қанттан сатылып жатыр. Оған да тұрғындар арасында тараған сыбыс себеп болған. Қалада қанттың 1 жұмалық қоры, яғни 30 тоннасы ғана қалыпты-мыс деген хабар тез тараған. Сондықтан болар тұрғындар шекерді келілеп емес, тонналап сатып алуға кіріскен. Дегенмен, қанттың бағасы әзірге өскен жоқ. Келісі 131 теңгеден саудалануда. 


Мұрат Сағатов, қант саудасы бойынша дилерлік компания директоры:


Бір әже біздің қоймаға жарты тонна қант сатып алуға келді. "Оны қайтесіз? Қайда сақтайсыз?",- деп сұрағанымда, "Балконда сақтаймын",- деп жауап берді.


Шығыс Қазақстан облысына азық-түліктің осы түрін жеткізуші компания тасымалды тоқтатпаған, келесі аптада жаңа партиясы жеткізілмек. "Бірақ қандай бағамен жеткізілетіні әлі анық емес", - дейді дилерлік компания жетекшісі. Сондай-ақ көршілес Ресей де, Қазақстаннан көптеп қант сатып алуды үдеткен.


Қанат ОРАЛБЕК