Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"ҚазАгро" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігімен берілетін несиелерді тоқтатып тастады

AstanaTV
18.02.2014ж. 20:00
1087
"ҚазАгро" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігімен берілетін несиелерді тоқтатып тастады

"ҚазАгро" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігімен берілетін несиелерді тоқтатып тастады. Себебі мекемелер өткен екі жылдың қарызын қайтармаған. Бұл туралы "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Дулат Айтжанов мәлімдеді. Корпорациялар кепілдігі тек 2012-2013 жылғы қарыздарды қайтарылғаннан кейін ғана қабылданады деп кесті.

Ал ағымдағы жылы "Қазагро" 75 инвестициялық жобаны іске қосып, салада қызмет етіп жүрген кәсіпкерлерге 17,5 мың несие бөлмекші. Сонымен қатар наурыз айында Ресей мен Қазақстан ет экспортын қамтамасыз ететін ортақ компания құрмаққа бекінген. Өндіріс орыны ет өнімдерін Ресей нарығына жеткізіп отырады. Сөз соңында Дулат Айтжанов девальвацияның бөлінген несиеге қалай әсер еткенін айтты.


Дулат Айтжанов, «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ басқармасының төрағасы:


Теңге бағамының түсуі біздің клиенттерге еш әсерін тигізбеуі үшін холдинг қолдан келгеннің бәрін жасауда. Несиенің басым бөлігі қаз-қалпында қалады, себебі оның көбі теңгемен берілген. Несие беру шарты да, оны төлеу де бұрынғы тәртіп бойынша жүргізіледі. Девальвация салдарынан туған ақша айырымы холдинг тарапынан өтеледі.


Әлия ӘШІМ