Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мұнай бағасы күрт қымбаттап кетті

AstanaTV
19.02.2014ж. 10:00
1069
Мұнай бағасы күрт қымбаттап кетті

Мұнай құны аспандап барады. Дәл қазір Brent мұнайының ресми бағасы 1,38 долларға көтеріліп, баррелі 110,46 долларға жетті. Бұл туралы РБК хабарлайды.

18-ақпандағы сауда қорытындысымен Лондондағы электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы осындай құнмен тіркелді.

Дегенмен, ірі мұнай трейдері Vitol-дің басшысы Иэн Тейлор нарық индикаторы ретінде қолданылып жүрген Brent маркасын алмастыру уақыты жетті деп есептейді. Десе де, әлемнің алып мұнай нарығы осы бағаға құрылғаны мәлім. Қазіргі кезде Brent себетіне бірнеше мұнай түрі кіреді. Иэн Тейлор осы себетке Африка, Қазақстан, Алжир және Ресейден шығатын қара алтынның жаңа түрлерін қосып, кеңейтуді ұсынып отыр.

Айта кетсек, Нью-Йорктің тауарлы биржасындағы қара алтынның бағасы да бірнеше есеге артқан. Мәселен, бағалы WTI (Light Sweet) мұнайының құны 2,13 долларға өсіп, баррелі 103 долларға жуықтап қалды.

Сымбат МОЛДАТАЙ