Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматы облысында көлік қозғалысы шектелді

AstanaTV
19.02.2014ж. 10:00
968
Алматы облысында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының құбылуына байланысты Алматы облысы аумағында жолдар жабылып жатыр.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Үшарал-Достық», сондай-ақ «Сарыөзек-Көктал» тас жолдарында барлық автокөліктер үшін жол жабылды.

Алыс сапарға шығатындар сақ болғаны жөн. Бүгін Алматы облысында жел күшейіп, оның екпіні кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді. Қалың тұман түседі деп күтілуде.

Илхам ИБРАГИМ