$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бергей Рысқалиевтің өзге де жымысқы әрекеттері әшкере бола бастады

AstanaTV
19.02.2014ж. 10:00
1396
Бергей Рысқалиевтің өзге де жымысқы әрекеттері әшкере бола бастады

Атырауда экс-әкім Бергей Рысқалиевтің басшылығы кезінде өрескел бұзылған заңға қайшы жаңа фактілер ашылуда. Мәселен, «Мұнайшы» стадионының жартысын қамтитын жер учаскесі жеке компанияларға сатылып кеткен. Бұл туралы Атырау облысының табиғат қорғау прокуроры Қайрат Өтеулиев мәлімдеді.

Оның хабарлауынша, стадионның жанындағы автотұрақтың бүкіл аумағы жеке компаниялардың біріне берілген. Жер учаскесін алған «Атырау Мульти Сервис» серіктестігі оны екінші деңгейдегі банктердің біріне несиеге кепілдікке қойыпты. Облыс әкімдігінің автотұрағы мен орталық көшелердің ішінара жүріс бөлігін тұрғын үй салу үшін бере салған. Прокуратура жер инспекциясына аталған аймақты мемлекетке қайтару жөнінде талап-шағым беруге, сондай-ақ қаржы полициясына процессуальдық шешім қабылдауға ұйғарым енгізді.

Еске сала кетейік, Атырауда Бергей Рысқалиевтің бұрынғы командасындағы шенеуніктерге қатысты сот процесі жалғасуда. Соттталушылар орындығында 22 адам бар. Экс-әкімге және тағы басқа 9 адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Сымбат МОЛДАТАЙ