Қарағандыда бір топ туристі сан
соқтырған «Фараон» турфирмасының директоры Жанна Әбеуп тергеу изоляторында тағы
біршама уақыт қалатын болды. Қазыбек би аудандық соты оның уақытша қамауда
отыру мерзімін қарап, осындай шешім шығарды.
Руслан Мұқатаев, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының
судьясы:
Қарағанды
облыстық ІІД жетекшісі Саламатов 1985 жылы 10-ыншы ақпанда туған Жанна Әбеупті
қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш жолдаған.Сот бұл өтінішті
қанағаттандырды. Оның қапаста отыру уақыты 2016 жылдың 6-ншы маусымы, сағат
20.15 ке дейін созылды. Сот қаулысына келіспеген жағдайда 3 күннің ішінде қайта
шағымдануына болады.
Туристік
фирма директоры «алаяқтық» бойынша күдікке ілініп қамалған. Жуырда абақтыда
босанып, сәбилі болды. Осыны алға тартқан қорғаушысы күдіктінің сотқа дейін
үйқамақта болуын сұрады. Алайда зардап
шеккендер оның үйіне жіберілуіне үзілді -кесілді қарсы.
Марина
Платонова:
Осы
кезге дейін Жанна Әбеуптің өзі, күйеуі, не ата-анасы бізбен байланысқа шыққан
жоқ. Соңғы екі айда ешбір шығынды төлемеді. Сондықтан, олар күдіктінің үшінші
баласын дүниеге әкелгенін пайдаланып, бізді қаржымыздан айырғалы отыр деп
есептейміз.
Өткен
жазда «Фараоннан» жолдама алғандар Түркия, Грекия мен Қырғызстан курорттарына
ұша алмай қалды. Айтуларынша, әрқайсысы 3 жарым мыңдай АҚШ валютасынан
айрылған. Фирманың саяхатшыға берешегі 55 млн. теңгеге жуық. Қылмыстық іс
қозғалған соң іле шала компания өзін банкрот деп жариялап, жұртқа көк тиын да
төлемеген.
Айжан ҚУАШ