$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Оңтүстік Қазақстанда пошта тонағандардың әрқайсысы 11 жылдан арқалады

AstanaTV
28.04.2016ж. 20:00
1595
Оңтүстік Қазақстанда пошта тонағандардың әрқайсысы 11 жылдан арқалады

Оңтүстік Қазақстанда пошта тонағандарға сот үкімі шықты. Шардара ауданының 3 тұрғыны 11 жылдан жаза арқалады. Сот залында оқылған деректерге сүйенсек, үшеудің бірі  аудандық пошта бөлімшесіне 80 млн теңге түскенін естіп, досы мен інісін ертіп поштаны тонайды. Олар «қарақшылық жасау» және «атыс қаруын тасымалдау, заңсыз сақтау» бабымен айыпты деп танылды. Енді дүние мүліктері тәркіленіп, жазаны қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Сотталғандар мен олардың туыстары  үкім әділ емес деп санайды. Ал соттың өз дәйегі бар.

Дәурен Мадалиев, ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Сот олардың жымқыруға барған кезде аса ірі мөлшерде ақша ұрлау мақсаты бар деп сондай тұжырымға келген.  Атыс қаруларды  адамдар тобы болып алдын ала сөз байласу арқылы тасымалдаған. Яғни Алатау ауылынан Шардара қаласына Лексус маркілі автокөлікпен аталған қаруларды тасымалдап, қарақшылық жасады деп кінәлі деп танылып осындай тұжырымға келген.

Қарақшылық шабуыл өткен жылы тамызда болған еді. Түн ішінде бетпердемен қару-жарағын сайлап келгендер ғимаратқа терезе арқылы кірген. Алайда, дабыл іске қосылып,бар болғаны 530 мың теңгені алып қашып кеткен. Күдіктілер мінген көлік тез арада табылып, ұрланған ақша түгелдей тәркіленді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ