Шағын және орта бизнесті қолдауға «Даму»
қоры арқылы 200 миллиард теңге бөлінеді. Бұл ұлттық қордан бөлінетін бір
триллион теңгенің бір бөлігі.
Қомақты қаржы екінші деңгейлі банктер
арқылы беріледі. Есесіне банктер «бірге бір» принципі бойынша өз тарапынан
бизнесті қолдауға тағы 200 миллиард қосады. Жалпы
жеке кәсіпорынға берілетін шекті сома мөлшері 4,5 миллиард теңгені құрауы
мүмкін. Негізінен қаржы ірі өндіріске құйылады. Ұлттық қордан бөлінетін бір
триллион теңгенің тиімді жұмсалуын кім қадағалайтыны әзірге нақтыланып жатыр.
Қанат Сұлтанғазиев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ
Басқарма бастығының орынбасары:
Тәжірибе бойынша 2007 жылы ұлттық фондтан ақша бөлінген кезде арнайы
комиссия құрылған. Оны Ұлттық банк басқарған.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА