Қызылорда облысы Жаңақорған ауылын су
басуына, «Батыс Европа-Батыс Қытай» автодәлізінің еш қатысы жоқ. Жаңақорғанға
ат басын бұрған «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басшысы осындай мәлімдеме жасады.
Естеріңізде болса, Төтенше жағдайлар
министрі аталған манызды автодәлізді салуда кеткен қателіктен Жаңақорған ауылын
су алып қалды деген болатын. Осыған орай, Ерік Сұлтанов, халықаралық жолдың
құрылысы басталмай жатып, алдын ала барлық жол бойында орналасқан елді мекендердің
басшыларымен кездескенін айтты. Су және мал
өткелдері де назарсыз қалмады деп сендірді.
Ерік Сұлтанов, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ басшысы:
Тау жақын жерде су
болатын, қар еритін жерлерде қарастырылатыны қарастырылады ол. Ал енді мал
өтетін жерлер жолдың бойында, ауылдардың қасы міндетті түрде екі труба мен төрт
труба оның бәрін санап, жергілікті әкімдікпен келісіп, осы жобаны жасағанда
әрбір ауылда жиналыс өткен. Сондықтан, болған жағдай біздің жолға ешқандай
қатысы жоқ деп санаймын.
Ал жергілікті атқамінерлер болса, қалай
болғанда да шикілік бар екенін алға тартты. Құбырлар
биік салынғандықтан, су шабындықтарға емес, ауылға қарай құйылған, - дейді.
Есдәулет Сейілов, Жаңақорған кентінің
әкімі:
Кеше, мысалы,
үлкен деңгей болған жоқ, жолдың бойындағы су шамамен 30 см болды. Ол кезде
трубаға ілінген жоқ олар. Ол су 30 см болған соң мында, төмен қарай құлады.
Жол үстінде тұрып, пікір таласып,
тартысқан мамандар бір шешімге келе алмай, еңдігі істі арнайы комиссия құрып,
анықтайтын болды. Қалай болғанда да, үлкен
шығынсыз іс бітпейтіні анық. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық жол дәлізі
құрылысына өзгеріс енгізсе, бір өткелдің өзіне кем дегенде 70 миллион теңге
қаржы кетеді екен.
Шарипа САҚТАПОВА
)