Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Таразда оқушылар арасында бата беру бойынша байқау өтті

AstanaTV
21.02.2014ж. 20:00
3854
Таразда оқушылар арасында бата беру бойынша байқау өтті

«Батаменен ел көгерер». Таразда оқушылар арасында бата беру бойынша байқау өтті. Жас өрендер арасында жалғасқан қалалық сайысқа 59 мектептен 75 оқушы қатысты. Сынға 5-8- сынып оқушылары ат салысты. Шарапатты шара - ата салтын ардақтап, дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған. Олар салиқалы сөз саптап, үлкендерден көргенін үлгі етті. Сүйінші хабарға, жолға шыққанда, ас қайырғанда айтылатын тілек түріндегі баталарды балалар жатқа айтты.

Сонымен қатар тұсау кесу, қонақ күту әдептері бойыншы көріністер қойып, көрермен көңілінен шығуға тырысты. Бұған дейінгі өткен байқаулар тек өлең-жыр, көркем сөз оқумен шектелсе, бұл жолғы бата беру сайысы қарттардың қалауымен болыпты. Өйткені батагөй балалардың басын қосып отырған қалалық ардагерлер ұйымы.


Кәрішал Дәуренбеков, Тараз қаласы әкімдігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы:


Бұл - қасиетті бата! Бұл ата-бабаларымыздың үні! Ата-бабамыздың ұраны! Бұл ақсақалдар кеңесінің, тек қана ақсақалдардың қолдауымен болып жатқан дүние. Қазақстан бойыншы бірінші өтіп жатыр!


Данияр ӘЛІМҚҰЛ