$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Қызылордада кооператив төрайымы мөлтек ауданның 22 үй тұрғындарын сотқа бермек

21 ақпан 2014
950
Қызылордада кооператив төрайымы мөлтек ауданның 22 үй тұрғындарын сотқа бермек

Қызылордада «Анар» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Тасарық мөлтек ауданының 22 үй тұрғындарын түгелдей сотқа бермек. Оның айутынша, халық кооперативке 9 миллион тенгедей қарыз. Ашынған жұрт біздін арнамызға шағымданды. Олар кооперативтің жұмысына көңілдері толмайтындарын айтты. Тараптардың уәжін тілшіміз Шарипа Сақтапова тыңдап қайтты.


Мынау Тасарық мөлтек ауданындағы екі қабатты ескі тұрғын үйлер. Жарты ғасырдың ішінде 22 үй бір-бірінен айнымай қалған. Шатырлары жамалған, терезелерінен мұржалар шығып, жертөлелері суға толған. Оған қоса ауланың сәнін қашырған әжетханалар тағы бар. ПИК төрайымы мен тұрғындар арасындағы дау үшінші жылға созылып барады. Халықтың айтуынша, қаражат жинап, кем-кетікті өздері жамап жүр.


Гүлсая Мұрзаева, «Тасарық» мөлтек ауданының тұрғыны:


Бізге міне мынандай жағдай қойыпты КСК әдемілеп міне. Қыстай мынаның ішіне түсеміз. Суымыз қатып қалады, оны үйімізден киімдерімізді алып шығып, бензинге батырып өртеп, бүкіл су құбырын жібітеміз.


Кенжегүл Тұржанова, «Тасарық» мөлтек ауданының тұрғыны:


Суды өзіміз кіргіздік, газды өзіміз кіргіздік, подвалдын астын өзіміз тазалап, канализация бәрін өзіміз істеп алдық. Ал енді келіп бізге қарызсыңдар дейді. Не үшін қарызбыз? Өзіміз әктейміз, өзіміз сырлаймыз. Подъезімізге барсаң, тап-таза. Бізден не үшін ақшай сұрайды. Біз төлемейміз. КСК тіпті керегі жоқ бізге, арыз жазып отказ береміз, өйткені бәрін өзіміз істеп отырмыз, өз қалтамыздан ақша жинап отырмыз.


ПИК төрайымы болса, «ақша жоқ болса -жұмыс қайдан бітсін» деп ызаланады. Кооперативтің бар қоры - тұрғындардың төлемақысы деген ПИК төрайымы, олар уақытылы ақша салып тұрса үйлер де, аула да жайнап тұрар еді дейді. Ай сайын әр пәтерден шаршы метріне қарай 300 теңгеден, 1 мың теңгеге дейін қаражат түсіп тұруы қажет екен.


Гүлсара Есенбаева, «Анар» пәтер тұтынушылар кооперативінің төрайымы:


Осы жердегі құбырыдың барлығын ауыстыру керек. Канализацияның да, жылудың да құбырын ауыстырмай, ешқандай нәтиже шықпайды. КСК неге жұмыс істемейді дейді. КСК-ға пәлен қарыздары бар. Тоғыз миллиондай қарыз бар Тасарық мөлтек ауданының өзінен. КСК жұмыс істеу үшін ақша керек.


Төрайымның сөзіне сенсек, тұрғындар «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы бойынша жөндеуден бас тартыпты. Оған да себеп жоқ емес. 22 үйдің бірін өткен жылдың соңыңда комиссия апатты деп таныған. Апатты баспана сүріліп, тұрғындар жаңа үйлерге көшірліеді. Мұндай шешімнен қалған 21 үйдің де тұрғындары дәмелі.


Шарипа САҚТАПОВА 
 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар