Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Украинада Александр Турчинов валюта курсын тұрақтандыру керек деп отыр

AstanaTV
24.02.2014ж. 10:00
709
Украинада Александр Турчинов валюта курсын тұрақтандыру керек деп отыр

Украина билігі бағытын Еуропаға ұстап отыр. Алайда Ресеймен де қарым-қатынасты үзбек емес. Бұл жайында Президенттің міндетін атқарушы Александр Турчинов мәлім етті. Оның айтуынша, қазіргі басты міндет экономиканы оңалту.

Айта кетейік, Еуроодақ Украинаға 20 миллиард еуро бөлмек ниетте. Естеріңізде болар, инвесторлар елдегі қақтығыстарға байласты қаржы дефолтты 60%-ға жетіп отыр деп топшылаған. Ал Standart&Poors сарапшылары болса, Украина экономикасы мүлдем құрдымға кетті деген болатын. Енді Турчинов валюта курсын тұрақтандыру керек деп отыр. Жалақы мен зейнетақы, шәкіртақыны уақытылы төлеп, инвесторлар сенімін қайта қайтару керек, дейді.

Александр
Турчинов, Украина президенті міндетін атқарушы:

Біз Ресеймен ынтымақтастықтың маңызын біле отырып, қарым-қатынасымызды үзбейміз деп нық айта аламын. Бүгінгі басты мақсатымыз - наразылық шараларын тоқтату. Елде тәртіп орнату. Адам шығынын болдырмау, басымызға бейбіт күн орнату.

Естеріңізге салсақ, өткен сейсенбі күні Майданда жаңа толқулар лап еткен болатын. Салдарынан 82 адам жазым болып, мыңдаған адам жапа шекті. Жұма күні президент Виктор Янукович пен оппозиция көшбасшылары бір ымыраға келді. Сондай-ақ, шұғыл түрде президент сайлауын өткізу жайында уағдаластыққа қол жеткізді. Жоғарғы Рада Юлия Тимошенканы түрмеден босатуға келісім берді.

Ал демалыс күндері елдің президенті жоғалып кетті. Кей ақпаратта оның елден кеткені айтылса, оның жақтастары Виктор Януковичтің Украинаның шығысында жүргенін хабарлауда.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА