Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сочи-2014 Олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті

AstanaTV
24.02.2014ж. 10:00
1668
Сочи-2014 Олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті

Ресейдің Сочи қаласында өткен 22-ші қысқы олимпиада мәресіне жетті. Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі жарыстың жабылу салтанаты «Фишт» стадионында өтті. Мерекелік шараны тамашалаған көрермендер жарық көріністердің куәсі болды. Әсіресе, олимпиада алауының сөнуі ұмытылмас әсер қалдырды. Біреулер көзіне жас алып жатса, енді біреулері Александра Пахмутова және Николай Добронравовтың өлеңдерін қосылып шырқады.

Олимпиада жалауы Сочиден енді Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласына бет алды. Ақпан айының 7-сі мен 23-і аралығында өткен жарыстар барысында Қазақстан құрамасының спортшылары қола жүлдеге қол жеткізді. Жалқы болса да, жалпыға ортақ жүлдені мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен ұтып алды. Бейресми командалық есепте Қазақстан құрамасы 26-шы орынға жайғасты.

Ал жарыс иелері - Ресей командасы 13 алтын, 11 күміс және 9 қоланы иеленіп, 1-ші орынға табан тіреді. Жалпы медальдар саны бойынша Ресей спортшылары ҚСРО құрамасының рекордын жаңартты.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА