Ресейлік актер Алексей Панин
Көкшетаудағы мас қылықтары үшін 3704 теңге айыппұл төлеп құтылды.
Айта кетейік, оған алкогольдік ішімдік
ішіп, қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік
кодексінің 336-бабы бойынша іс қозғалған. Оған
екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Белгілі болғандай, Алексей Панин 20
ақпанда Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық филармониясында қойылған «Бес в
ребро» атты спектаклі алдында сахнада жанжал шығарып, ұйымдастырушыларды
балағаттап, тіл тигізген. Салдарынан
қойылым тоқтатылып, көрермендерге билет құны қайтарылды.
Жұрағат БАМАН