Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Юлия Тимошенконың бостандыққа шығуы таққа таласты күшейтуі мүмкін

AstanaTV
24.02.2014ж. 13:00
975
Юлия Тимошенконың бостандыққа шығуы таққа таласты күшейтуі мүмкін

Тимошенконың бостандыққа шығуы Украинадағы саяси бәсекені күшейтуі мүмкін. Бүрынғы премьердің өзі үкіметті басқаруға ниеті жоқтығын мәлімдегенімен, сарапшылар экс-премьер президент болуға талпынуы мүмкін дейді. Украинаның жаңа президентін сайлау 25-ші мамырға белгіленді.

Ал президент міндетін уақытша атқарушы Александр Турчинов Украина енді Еуропаға бағыт ұстанатынын мәлімдеді. Бірақ Ресейді де ұмыт қалдырмаймыз дейді. Турчиновтың ойынша, қазір Украина экономикасын тіктеу керек.

Айта кетейік, Еуропалық одақ Украинаға 20 миллиард еуро бөлмек ниетте. Бұған дейін инвесторлар елдегі ахуалға байласты дефолт жағдайы 60%-ға жетіп отыр деп топшылаған. Ал Standart&Poors сарапшылары болса Украина экономикасы мүлдем құрдымға кетті деген болатын. Енді Турчинов валюта курсын тұрақтандыру қажет екенін айтып отыр. Жалақы мен зейнетақы, шәкіртақыны уақытылы төлеп, инвесторлар сеніміне кіру керек дейді.

Александр
Турчинов, Украина президенті міндетін атқарушы:

Біз Ресеймен ынтымақтастықтың маңызын біле отырып, қарым-қатынасымызды үзбейміз деп нық айта аламын. Бүгінгі басты мақсатымыз - наразылық шараларын тоқтату. Елде тәртіп орнату. Адам шығынын болдырмау, басымызға бейбіт күн орнату.

Еске салсақ, өткен сейсенбіде Майданда жаңа толқулар лап етті. Салдарынан 82 адам жазым болып, мыңдаған адам жапа шекті. Ал жұма күні ахуал шегіне жетті. Жоғарғы Рада шұғыл президент сайлауын өткізуге келісім берді, тіпті Тимошенконы түрмеден босату туралы шешім қабылдады.

Ал демалыс күндері ел президенті Виктор Янукович назардан жоғалып кетті. Кей ақпаратта оның елден кеткені айтылса, президент жақтастары Виктор Януковичтің Украинаның шығысында жүргенін хабарлауда.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА