Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Көкшетауда мас күйде театр қойылымына кедергі келтірген Алексей Панин ұсақ айыппұлмен құтылды

AstanaTV
24.02.2014ж. 13:00
760
Көкшетауда мас күйде театр қойылымына кедергі келтірген Алексей Панин ұсақ айыппұлмен құтылды

Ресейлік актер Алексей Панин Көкшетаудағы мас қылықтары үшін 3704 теңге айыппұл төлеп құтылды.

Айта кетейік, оған алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 336-бабы бойынша іс қозғалған. Оған екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Белгілі болғандай, Алексей Панин 20 ақпанда Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық филармониясында қойылған «Бес в ребро» атты спектаклі алдында сахнада жанжал шығарып, ұйымдастырушыларды балағаттап, тіл тигізген. Салдарынан қойылым тоқтатылып, көрермендерге билет құны қайтарылды.

Жұрағат БАМАН