$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Коммуналдық шаруашылыққа инвесторлар тартып, тәуелсіз аудит жүргізу қажет

AstanaTV
24.02.2014ж. 20:00
1323
Коммуналдық шаруашылыққа инвесторлар тартып, тәуелсіз аудит жүргізу қажет

Коммуналдық шаруашылық саласын жандандыру үшін инвесторлар тартып, тәуелсіз аудит жүргізу қажет. Алғашқылары жылу жүйесін жаңалауға қаражат әкелсе, жұмсалған қаржының жариялы болуын қамтамасыз етер еді. Бұл жаңашылдық Алматыда бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Бірақ жағдай әлі де өзгеріссіз. Мегаполисте орын алған жылу құбырларының жарылысы осыған дәлел. Қаладағы жылу жүйесін реттейтін құбырларды жаңалау үшін 15 жыл уақыт қажет. Мәселенің мән-жайына Ришат Асқарбекұлы үңіліп көрді.


Размер наших пенсий не успевает за тарифами. Как вы знаете, в последнее время увеличились тарифы на электроэнергию, воду, канализацию.


Бұл қала әкіміне деген зейнеткердің базынасы. Өзгелердің қол шапалақтауына қарағанда, бұл мұндағылардың барлығының жанына батқан мәселе.


Люди пострадали, им выплатили какую-то компенсацию, но опять же вопрос - выплатили ли им компенсацию? Если даже выплатили, на этом же вопрос не решится. Завтра там рванет, здесь рванет.


Ал мынау Алматы әкімдігі маңындағы заңсыз деп танылған ереуілден көрініс. Адамдар Алматыдағы жарылған құбырдан соң, осылай жиналуға мәжбүр болды. Жыл сайын қалада тарифтер аспандап кетеді. Ал мына құбырларды жөндеуге ешкім асығар емес. Осымен үш рет жарылып кеткен құбырларды мысалға келтірсек жеткілікті. Шаһарда 60 пайыз жылу жүйесін алмастыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл шамамен 700 шақырымға тең.


Дәурен Телқараев, «Алматы жылу жүйесі» АҚ заңгері:


Орташа есеппен алғанда Алматы қаласында жыл сайын 21 шақырым құбыр жолын алмастыруға бюджеттен қаражат бөлінеді. Олардың жұмыс істеп тұрғанына 25 жылдан асып кеткен. Егер жыл сайын 45 шақырымнан ауыстырғанның өзінде оларды толықтай жаңалауға 15 жыл мерзім қажет.


Десе де кейбір сарапшылар "2009 жылы айналысқа енген инвестициялық тариф жүйесі өзін өзі ақтамаған" дейді. Экономист Петр Своиктің айтуынша, осы реформаның арқасында 4 млрд АҚШ долларын жинауға мүмкіндік болған. Алайда қыруар қаражаттың едәуір бөлігі құмға сіңген судай жоқ болыпты.


Петр Своик, монополияға қарсы қоғамдық комиссияның төрағасы:


Тарифті көтеріп, арифметикалық жолмен коммуналдық жүйені модернизациялау мәселені шешпейтіні уақыт дәлелдеген. Қазір бұл сала тығырыққа тірелді. Ал инвестициялық жолмен реформаны оңтайландыру қисынсыз. Себебі сырттан келген инвестор да өзінің пайдасын көздеп келеді. Ал оның шығынын тағы тұтынушы өтемек пе?!


"Инвестиция тарту керек", - дейді атқамінерлер. Бірақ тысқары қаражат көздерін тарту үшін оларға тиімді ұсыныстар жасалуы қажет. Ал адам өміріне қауіп төндіріп тұрған жылу жүйелері тозған үстіне тоза бермек.


Аманжол Алпысбаев, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары:


Енді қалай қаржы керек. Үкіметтің қаржысы онсызда жетпей жатыр. Елбасы Үкімет қаражатын үнемдеп жұмсаңдар деген тапсырма беріп отыр. Сондықтан тағы да қаржы іздеу керек. Ол инвестиция көздерінен келсе, деп отырмыз.


Ришат Асқарбекұлы,тілші:


Десе де Табиғи монополияларды реттеу агенттігі коммуналдық салаға инвестиция тартудың нақты механизмдерін әлі бір жүйеге келтірмеген. Қаражаты бар алпауыт компанияларға тиімді жолмен пайда табуға болатын ұсыныстар әзірлеп жатыр. Ал сарапшылар инвестор іздегенше, коммуналдық төлемдерден ақша түсіп жатқан мекемелерді, яғни ішкі монополистерге түсетін пайданы дұрыстап тексеру қажет деп жүр.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ