Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәжіліс депутаттары статистикалық мәліметтердің шынайылығына күмән келтіреді

AstanaTV
24.02.2014ж. 20:00
1088
Мәжіліс депутаттары статистикалық мәліметтердің шынайылығына күмән келтіреді

Мәжіліс депутаттары статистикалық мәліметтердің шынайылығына күмән келтіреді. Мәселен, ақжолдық депутат Тұрсынбек Өмірзақовты тізімдегі азық-түлік бағасының арзандығы таңқалдырған. 


Тұрсынбек Өмірзақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі:


Я вот всегда хотел бы найти те магазины, по которым вы берете цены на продукты питания, и там отовариваться.


Әлихан Смайылов, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы:


Біз мұндай әдісті 1991 жылдан бері іске асырып келеміз. Ол халықаралық стандартқа сай. "Халықаралық валюта қоры", "Даму және экономикалық қатынас ұйымы" стандарттарына негізделген. Онда баға қалай сараланып, қандай тауар таңдалатыны бәрі жазылған. 2010 жылы Норвегиялық сарапшылар біздің мониторингке жоғары баға берген.


Сондай-ақ, депутат кедейлік шегін есептеу жолын да өзгертуді ұсынды. Аталған шектің мөлшері бүгінде ең төменгі күнкөріс деңгейімен анықталады. Ол он тоғыз мың тоғыз жүз алпыс алты теңге. Табысы бұдан бір теңгеге артық азаматтар кедейдің қатарына жатқызылмайды. Бұл елдегі төменгі таптың санын нақты білуге кедергі. Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы олқылықты реттеу жолында жұмыс жасап жатқанын жеткізді. 


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ