Бүгін Астанада «Нұр Отан»
партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық
қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Оған Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фракциясының
мүшесі Жанат Жарасов төрағалық етті. Жиынға сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының
хатшысы Қаныбек Жұмашев қатысты.
Отырыс барысында Кеңестің жаңа құрамы
таныстырылды. Сонымен қатар қоғамдық кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары
талқыланып, бекітілді. Партия басшылығы қойған міндеттер айқындалды. Саяси
ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы басымдықтары ескеріліп,
кеңес мүшелері өз қызметтерінің негізгі бағыттарын пысықтады.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА