Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Астана-ЛАЙФ» бағдарламасында Астанадағы азық құнын тұрақтандыру жайы талқыланды

AstanaTV
28.04.2016ж. 20:00
1582
«Астана-ЛАЙФ» бағдарламасында Астанадағы азық құнын тұрақтандыру жайы талқыланды

Астанадағы ірі сауда орындары азық-түлік бағасын шетелдіктердің жоғары жалақысына сай қалыптастырады.  Арнамыздағы «Астана-ЛАЙФ» бағдарламасына қатысқан қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина осындай пікірін алға тартты. Басшы Елорданың өзге аудандардан жеткізілетін тауарларға байлаулы екенін де айтып қалды. Шаһарда шығарылатын өнім қала халқының жартысын ғана қамтамасыз етеді. Кейбір отандық тауар өндірушілер шикізатты шетелден алатындықтан, тауар құнын көтеруге мәжбүр.

Гүлмира Ермолдина, Астана қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Қаламызда көптеген шетелдік компаниялар бар. Олардағы жоғары жалақы тауардың бағасына әсер етіп жатыр.  Астананың азық-түлік белдеуі қаланы тек 48% қамтамасыз ете алады.

«Астана» телеарнасы ел арасында сауалнама жүргізген. Қалалықтар тауар құны америка валютасына тәуелді болмауы тиіс деген пікірде. 

Я получаю  35 тысяч, что я могу на них купить. Это очень дорого.

На мясо очень высокие цены, на рыбу сейчас поднялось, не говоря уже о колбасах и сырах.

Ал күні кеше президент Астана мен қала маңындағы аудандарда тауар құнында үлкен айырмашылық бар екенін сынға алды. Әкімдікке  тауарды делдалдарсыз  жеткізуді жолға қоюды тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Отпускная цена десятка яиц птицефабрик Акмолинской, Карагандинской областей, Сергей Витальевич, 170-180 тенге. А в магазине - 300. Разницу 76%. Цена за кг говядины в радиусе 50 км от Астаны - 700 тенге, а на рынке - 1200 тенге, 70%. Аким Карагандинской области здесь? Почему? Понятно почему. Посредники зарабатывают ни на чем.  А вы сидите, рот разинув, и смотрите на это.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА