«Байқоңыр» ғарыш айлағының жаңа
басшысы болып Михаил Варданян тағайындалды. Бұл туралы «Роскосмостың» баспасөз
қызметі хабарлады.
Дәлірек айтар болсақ, Михаил Варданян
- «Ғарыш инфрақұрылымының жердегі нысандарын пайдалану орталығы» федералдық
мемлекеттік унитарлық кәсіпорны филиалының директоры болып тағайындалған. Жалпы,
Варданянның бар ғұмыры «Байқоңыр»-да өткен.
Ол 1981 жылдан 2011 жылға дейін Кеңес
одағының және Ресейдің ғарыш айлағында инженерлік және әміршіл-штабтық
қызметтерде еңбек еткен. Соңғы жылдары
Варданян «Жердегі ғарыш инфрақұрылымы» ұлттық компаниясы бастығының орынбасары
болып жұмыс істеген.
Жұрағат БАМАН