$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бортында ресей хоккейшілері бар ұшақ апатты жағдайда Астанада қонды

AstanaTV
26.02.2014ж. 13:00
987
Бортында ресей хоккейшілері бар ұшақ апатты жағдайда Астанада қонды

Ресей хоккейшілері мінген ұшақ Астана әуежайына апатты жағдайда қонды. Қарағанды-Пермь бағытында бет алған ТУ-134 жолаушылар ұшағының аяқ-асты қозғалтқышы істен шыққан. Абырой болғанда, экипаж мүшелері дін аман. Айта кетейік, ұшақ ресейдің Center South әуе компаниясына тиесілі.

Людмила Копейчук, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бөлімінің басшысы:

Ұшақ бортында 31 жолаушы болған. Оның 12-сі экипаж мүшесі - қалған жолаушылар «Молот» хоккей командасының ойыншылары. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір әуежай қызметі толық даярлықта, ұшақ қозғалтқышының неліктен істен шыққаны тексеріліп жатыр. Жолаушылар бүгін таңертен
«Эйр Астана» ұшағымен Мәскеуге ұшып кетті.

Әлия ӘШІМ