$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қытай мен Украина тараптары $3 миллиардтық контрактқа қатысты сотта кездесетін болады

AstanaTV
26.02.2014ж. 13:00
890
Қытай мен Украина тараптары $3 миллиардтық контрактқа қатысты сотта кездесетін болады

Қытай Украинаны 3 млрд доллар үшін сотқа бермекші. Аспан асты елі Лондонның халықаралық төрелік сотына арыз түсірген. Бұған Украинаның осы соммаға уәделескен бидайды жеткізбей қоюы себеп болып отыр. Бұл жөнінде УНИАН агенттігі Жоғарғы Раданың ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықпен күрес комитеті басшысының бірінші орынбасары Геннадий Москальға сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай Украинаның мемлекеттік азық-түлік-астық корпорациясына 3 млрд доллар бөлгеніне қарамастан, аспан асты еліне тек 153 млн доллардың бидайы жеткізілген. Ал Украина келісім-шартты бұзып қана қоймай, Қытайдың қаржысына Эфиопияға 28 млн доллардың, Монакоға 14 млн, Иранға 24 млн доллардың астық сатып, пайда тапқан.

Айгүл ӘДЕПБАЙ