Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Халықаралық валюта қоры Украинаға қанша қаражат керектігін өзі шешеді

AstanaTV
26.02.2014ж. 13:00
905
Халықаралық валюта қоры Украинаға қанша қаражат керектігін өзі шешеді

Халықаралық валюта қоры Украинаға қанша қаражат керектігін өзі шешеді. Бұл турасында қауіпсіздік саясаты бойынша Еуропалық одақтың бас өкілі Кэтрин Эштон мәлімдеді.

Оның пайымдауынша, Еуропалық одақтан украиналықтарға алғашқы қаржылай көмек наурыз айында көрсетілуі мүмкін. Ол сондай-ақ, халықаралық серіктестерімен елді қаржылай демеу мәселесін талқылағандығын мәлімдеді. «Алғашқы ретте елге шағын қаржылай көмек беру керек. Кейіннен Украинаны ақырындап дағдарыстан шығару жолдарын іздеу керек. Барлық көмек елде жаңа реформалар жасаудың орнына берілмек», - деді Кэтрин Эштон. Әйткенмен, реформалар енгізу ұзақ мерзіміді талап етеді, ал укриналықтар қаржылай көмекке дәл қазір зәру болып отыр.

Еске салайық, Киев өзінің құтқарылуын 35 миллиард долларға бағалаған. Ал Еуроодақ тек 20 миллиард доллар беруге әзір. Жуырда Брюсселде Украина еліне қаржылай көмек көрсетпек елдердің конференциясы ұйымдастырылатындығы белгілі болды. Олардың арасында АҚШ, Жапония, Қытай, Канада және Түркия елдері бар.

Кэтрин Эштон, Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша бас өкілі:

Біз экономикалық және қаржылық қиыншылықтар күтіп тұрғандығын білеміз. Мен тиісті ұйымдармен әңгімелескенмін. Әрине
, халықаралық валюта қоры Украинаға қанша қаражат бөлетінін өздері шешіп, орын алған жағдайға тәуелсіз сараптама жасаулары керек. Қор өкілдері жаңа үкіметпен тілдесуге әзір.

Жұрағат БАМАН