Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бразилияда бұрын-соңды болмаған қуаңшылық ел экономикасын әлсіретті

AstanaTV
26.02.2014ж. 13:00
966
Бразилияда бұрын-соңды болмаған қуаңшылық ел экономикасын әлсіретті

Бразилия ауыл шаруашылық тауар экспортына шектеу қоюйы мүмкін. Елдегі ауа-райының тосын сыйы - қапырық, экономикалық құлдырауға себеп болып тұр. Қазірдің өзінде кофе мен қанттың әлемдік құны қымбаттап кетті.

Өйткені, төрткүл дүниеге осы екі тауарды экспорттайтын мемлекет - Бразилия. Сондай-ақ, басқа мемлекеттерге бұл елден бидай мен сиыр еті тасымалданатыны белгілі. Қаңтар айында ауа райы күтпеген мінез танытып, боран мен қардың орнына елде күн күрт ысып кетті.

Енді сарапшылар Бразилияда инфляция орнауы мүмкін деп болжауда. Себебі, қапырық ауа-райы бұл мемлекеттің оңтүстік штаттарында түгел орнаған. Жергілікті тұрғындар тауар мен түрлі қызмет көрсетулерге бағаның өсіп кеткенін айтады. Білім беру жүйесі мен көлік тасымалы саласында бағалар аспандап тұр.

Сарапшылардың болжауынша, тауар құнының күрт артып, инфляцияның орнауы президент Дилма Руссеффтің әйгілі саясатына кері әсер етуі әбден мүмкін.

Сымбат МОЛДАТАЙ