Америкалық банктер Виктор Януковичтің
есеп-шоттарын қатал бақыламақ. Бұл туралы «Финцен» сайтында жарияланған.
АҚШ бүгінде Украина экс-президенті
елден барлық активтерін шығарып ала ма деп қауіптеніп отыр. «Файнаншал Таймс»-тың
тарқатуынша оның қоры 12 миллиард долларға бағаланады екен. Ал халықаралық
валюта қоры Украинаға қашан және қанша қаражат бөлінетіндігін өзі шешеді. Осы
турасында Украинада іс-сапармен жүрген Еуроодақтың қауіпсіздік саясат бойынша
бас өкілі Кэтрин Эштон мәлімдеген болатын.
Еске салайық, Киев елдің аяққа тұрып
кетуі үшін 35 миллиард доллар қажеттігін айтқан болатын. Ал Еуроодақ тек 20
миллиард доллар беруге әзір екендіктерін жеткізген. Әйткенмен, украиналықтар
қаржылай көмекке дәл қазір зәру. Олар, тіпті
ресейлік газды сатып алуды 5 есеге азайтқан. Қазіргі таңда Ероодақ 1 миллиард
еуро беруге дайын, алайда қаржылай көмек наурыз айында көрсетілмек көрінеді.
Жұрағат БАМАН