$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Қытайда ауадағы улы заттар мөлшерінен тыс шыққан

AstanaTV
27.02.2014ж. 10:00
1761
Қытайда ауадағы улы заттар мөлшерінен тыс шыққан

Қытай қою тұман құрсауында. Жеті күн үзерінде Пекин және Қытайдың солтүстік және шығыс аудандарында көк тұман сейілер емес. Бүгінде аспан асты елінде қауіптіліктің «сарғылт» түсі жарияланған. Бұл ауадағы улы заттар мөлшерінің аумалы күйден тыс шығуын білдіреді.

Қазіргі таңда жұртшылық арнайы бетперделер кимей далаға шыға алмайтындай күйге жеткен. Ал булығулары бар адамдарды ол да құтқармайтын сыңайлы. Қалың тұман көлік қозғалысына да кедергі болуда. Көз көрерлік арақашықтық он метрден аспайды. Жалпы, Пекин әлемдегі ең лас қалалардың санатына кіреді. Дәлірек айтсақ, рейтінг бойынша он үшінші орында.

Жұрағат БАМАН