Танымал әкімдер топ бастап тұр. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын үздік әкімдер
рейтингі қала басшысының жұмысына емес, көбіне «танымалдылығына» қарай
жасалады. Ал әкімнің еңбегі - екінші орында. Мемлекеттік басқару жүйесі бойынша
жиналған эксперттік топ осындай қорытындыға келді. Енді сараптаушы топтың
мемлекеттік қызметкерлерге берген бағасы бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланады.
Сонымен қатар, жиында мемлекеттік
қызметкерлер жалақысын арттыру, үймен қамтамасыз ету және кәсіби
біліктіліктерін арттыру сөз болды. Мемлекеттік
органдар, қала әкімдері қызметін бағалай келе, жұмыс тобы біраз былықтың бетін
ашқанымен, жазаланған ешкім жоқ дейді.
Дина Шәженова, Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы:
Ешкімге тәртіптік шаралар қолданып, жазалаған жоқпыз. Десе де, әр
мемлекеттік органға нақты ұсыныстар жібердік. Ал
аталмыш рейтингтің соңғы тізімінде тұрған органдар жіті назарымызда болады.
Әлия ӘШІМ