Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Вице-премьер Бақыт Сұлтанов: Бюджет қаржысын игермеген басшылар жұмыстан босатылсын

AstanaTV
28.02.2014ж. 10:00
1696
Вице-премьер Бақыт Сұлтанов: Бюджет қаржысын игермеген басшылар жұмыстан босатылсын

Бюджет қаржысын игермеген басшылар жұмыстан босатылсын. Қаржы министрілігінің кеңейтілген алқа мәжiлiсiнде вице-премьер Бақыт Сұлтанов осындай ұсыныс тастады. Жыл қорытындысы бойынша үш бірдей министрлік миллиардтаған қаражатты игермепті. Үкімет басшысы Серік Ахметов бұл ұсынысты құптады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі:

9 айдың қорытындысы бойынша тексеріс өткізіп, қаражаттың игерілмей жатқанын анықтадық. Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары - 4 млрд, Білім және ғылым министрлігі - 1,4 млрд және Ауыл шаруашылығы министрлігі 1,3 млрд теңге игермеген. Сондықтан, біз жауапты басшыларды жазалау керек деп отырмыз.

Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрi:

Я вот поддерживаю предложение министра, что по итогам года мы также, наверное, накажем, не наверное, а точно, если есть на это объективные причины за не освоение бюджетных средств.

Қаржы министрінің келтірген мәліметтеріне сай, өңірлерде де жағдай мәз емес. Алматы мен Маңғыстау облысында - 700 млн, Ақмола облысында - 500, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан, Павлодар облыстарында 300 миллион теңге игерілмеген. Сондай-ақ, отырыс барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның жыл басынан мемлекеттік қарызы 12,8%-ға өскенін айтты. Оның негізгі бөлігін үкіметтің міндеттемелері құрайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА