Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қызылордада «Бушра» түрік компаниясының басшылары сотталды

AstanaTV
28.02.2014ж. 10:00
827
Қызылордада «Бушра» түрік компаниясының басшылары сотталды

Қызылордада «Бушра» түрік компаниясының басшылары сотталды. Олар темір жолдағы аспалы көпірдің құрылысын сапасыз жүргізіп мемлекетке шығын келтіргені үшін айыпталған. Қаржы полициясы мәліметінше, шетелдік компания басшылары келтірген залал 18 миллионнан астам.

Зия Метин мен Кетен Ердоған құрылыс аяқталды деп жалған құжат дайындауға нұсқау береді. Ол кезде көпір әлі салынып жатқан. Өзге де жалған құжаттар дайындаған екі түрік азаматы 5 жылға қамалатын болды. Сонымен қатар, «КЗ СтройЭксперт» серіктестігінің бас маманы да құжаттарға қол қойып, сыбайлыстыққа жол берген. Ол 5 жылға шартты түрде жазасын өтейді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы, орынбасары мен бас маманы да кінәлі деп танылған. Бірақ «Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық» Заңына сәйкес олар жазадан босатылды.

Руслан Мұсабеков, Қызылорда облысы ЭҚСЖҚК департаментінің аға тергеушісі:

Қылмыстық іс 2011 жылдың маусым айында қозғалды. Алдын ала тергеу жүргізіліп, тергеу 2013 жылдың маусым айында аяқталып, соттың қарауына берілді.

Шарипа САҚТАПОВА