Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Тұтынушылар тарапынан шағым түссе, шағын бизнес нысандары кезектен тыс тексеріледі

AstanaTV
28.02.2014ж. 20:00
1172
Тұтынушылар тарапынан шағым түссе, шағын бизнес нысандары кезектен тыс тексеріледі

Тұтынушылар тарапынан шағым түссе, шағын бизнес нысандары кезектен тыс тексеріледі. Бірақ шағым түсірушінің  арызы орнықты болуы қажет. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов бұл жөнінде журналистермен өткізген брифинг барысында мәлімдеді. 


Абылай Мырзахметов,  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы:


Кезекші арыз жазушылар дейміз. Мына заңда айтылған, егер тұтынушы жағынан шағым болса, төтенше жағдай - жоспардан тыс тексеру келеді. Ең қиыны сол кәсіпкерлерге. Жаңағыдай, кезекті арыз жазатын азаматтар бар, аты-жөні бар. Сіздер білесіздер біздің заң бойынша анонимді түрде жазылған арызға жол берілмейді.


Сондай-ақ Абылай Мырзахметов мораторий кезінде де тексерілетін ұйымдар болатынын айтты. Олар қаржы ұйымдары, қару-жарақ айналымы, мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты атом энергетикасы, есірткі, улы-жарылғыш заттар салаларында жұмыс істейтін субъектілер. Тексеріс мемлекеттік органның шешімі бойынша  Бас прокуратурамен келісіліп іске асады.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2 сәуірден бастап шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялады. Мораторий 2015 жылдың  1 қаңтарына дейін күшінде болмақ. 


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА