Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Әділет» партиясының бұрынғы төрағасы Мақсұт Нәрікбаев «Нұр Отан» партиясына мүше болды

AstanaTV
28.02.2014ж. 20:00
813
«Әділет» партиясының бұрынғы төрағасы Мақсұт Нәрікбаев «Нұр Отан» партиясына мүше болды

«Әділет» партиясының бұрынғы төрағасы Мақсұт Нәрікбаев «Нұр Отан» партиясына мүше болды. Бүгін оған жаңа үлгідегі билетті партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ еліміз бойынша барлығы 100-ге жуық адам "Нұр Отан" партиясының мүшесі атанды.


Партияның су жаңа мүшелерінің арасында танымал қоғам қайраткері Асылы Осман да бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарды да партия қатарынан табуға болады. Осылайша партия Елбасының мүгедек жандарға қамқорлық жасау жайлы тапсырмасын мүлтіксіз орындап жатқанын  нақты іспен дәлелдеді. Ал партия билетін алып, "Нұр Отанға" мүше болудың маңыздылығын талдықорғандық Асхат Қасенов айқындап берді. Оны Астанаға барлық ауыл халқы жиналып, шығарып салған.


Асхат Қасенов интернационалист-жауынгер:


Міне, партия билетін алып отырғаныма жанұя ғана емес, бүкіл ауыл көріп қуанып отыр. Асхат аға ауылдан емес, Астанадан алады деп қазір той болады үйге барғасын. Тойға келіңдер!

 

Айта кетерлігі, жаңа үлгідегі  билет пластикалық карта іспеттес. Беткі жағында билет нөмірі, аты-жөні мен партияға кірген мерзімі көрсетілген. Ал сырт жағында партия билетінің құпия саны мен Республика бойынша тегін хабарласуға болатын call-орталықтың телефоны жазылған. 

 

Айгүл ӘДЕПБАЙ