$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Шымкентте Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат мектебі ашылды

AstanaTV
03.03.2014ж. 13:00
1758
Шымкентте Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат мектебі ашылды

Шымкентте жас гроссмейстер Жансая Әбдімәлік атындағы мектеп ашылды.

Шахматшылар мектебіндегі шеберлік курстары мен дәрістерге ынталы жастар қатыса алады. Оларға әлемнің жетекші шахматшылары шеберлік курсын өткізіп, жергілікті мамандар дәріс береді. Бос уақытында Жансаяның өзі де сабақ өткізіп тұруды жоспарлап отыр. Әлемдегі ең жас гроссмейстер Жансая Әбдімәлік атындағы шахматшылар академиясы бұған дейін Астана және Алматы қалаларында ашылған.

Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы жоғары баға берген «вундеркинд қыз» жуырда әлемнің ең мықты шахматшысы Анатолий Карповпен ойын өткізді. Төрт партияда айласын асырған ол, әлемнің 12-ші чемпионын қапыда қалдырды.

Жансая Әбдімәлік, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер:

Қазір әлем чемпионатына дайындалып жатырмын, менің мақсатым - шахмат ханымы атану. Әйелдер арасында әлем чемпионы болсам, ханшайым атанамын деген үміттемін.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ