Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Қазақстан электролиз зауытының үшінші кезегін қытайлықтар салуы мүмкін

AstanaTV
29.04.2016ж. 20:00
1517
Қазақстан электролиз зауытының үшінші кезегін қытайлықтар салуы мүмкін

Қазақстан электролиз зауытының үшінші кезегін салуға басты мердігер ретінде қытайлық «NFС» компаниясы таңдалуы мүмкін. Бұл туралы "Астана" телеарнасына берген эксклюзивті сұқбатында зауыттың басқарма бастығы Евгений Дробышев мәлімдеді. Аспан асты елінің бұл компаниясы электролиз зауытының бірінші кезегін салуға бас мердігер ретінде қатысқан. Қазір бұл мәселе қаралып жатыр.

Евгений Дробышевтің мәліметінше, қуаттылығы 250 мың тонна алюминийді құрайтын зауыт биыл 235 мың тонна өнім шығаруды көздеп отыр. 90 пайызы экспортталмақ. Тұтынушы - Ресей, Түркия, Украина және Белоруссия. Негізгі тапсырыс беруші - Ресей. Ол  Қазақстан алюминиінің 60-65 пайызын алып отыр. Зауыт басшысы өнім шетелге қандай бағамен сатылып жатқанын айтпады. Бірақ металл бағасының төмендегенін жасырмады. Сондықтан тауардың өзіндік құнын да төмендетпек.

Евгений Дробышев, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ өндіріспен қамтамасыз ету басқармасының бастығы:

Құрылысқа қатысам дегендер көп. Менің білуімше, зауыттың бірінші кезегінің құрылысына қатысқан «NFC» компаниясы да бар. Бірақ топ басшылығы барлық ұсыныстарды ескере отырып, басты мердігер ретінде кімді таңдайтынын шешеді. Аталған қытайлық компания келіссөздер жүргізіп жатқанын білемін. Олар осында келіп, алаңды көріп кетті. Олар басшылық тарапынан басты мердігер ретінде қаралуы мүмкін. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ