$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Украина мен Ресей арасындағы жағдай мұнай бағасының қымбаттауына келді

AstanaTV
04.03.2014ж. 10:00
882
Украина мен Ресей арасындағы жағдай мұнай бағасының қымбаттауына келді

Ресей мен Украина арасының шиеленісуі, Brent мұнайының қымбаттауына әкеп соқты. Лондон биржасында мұнайдың бір баррелдің құны 110,7 долларға көтерілді, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. Сарапшылар Еуропаға жеткізілетін газ үшін алаңдап отыр.

Украина мен Ресей қатынасы қиындап кетсе, кәрі құрлық көгілдір отыннан таршылық көріп қалатыны анық. Сарапшылар батыстың энерготасымалдаушы қоры жеткілікті, сондықтан, уақытша тоқырауға шыдай алады деп болжайды. Ал егер шиеленістер инфрақұрылымға зақым келтірсе, нарық зардап шегеді деп алаңдап отыр.

Айта кетерлігі, Нью-Йорк тауар биржасындағы WTI мұнайының бір баррелінің бағасы электронды саудада 1,21 долларға өсіп кеткен.

Айгүл ӘДЕПБАЙ