$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 50%-ға арзандап кетуі мүмкін

AstanaTV
04.03.2014ж. 13:00
1137
Қазақстанда тұрғын үй бағасы 50%-ға арзандап кетуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағасы тым арзандайды деген болжам бар. Тіпті баспана нарығындағы баға 50%-ға дейін төмендеп кетуі ықтимал. Бұл туралы сала сарапшылары мәлімдеген.

Мамамандардың сөзінше, жақын күндері 2000 жылғы жағдай қайталанайын деп тұр. Ол кезде де баға бірден төмендеген болатын. Биылғы жылғы арзандауға әлем экономикасындағы дағдарыс әсер етпек. Оның үстіне халықтың банктегі ақшасын кері алу жағдайлары жиіледі.

Ипотека көлемі де тым азайып барады. Ал бұл нарыққа әсер етеді. Доллар бағасының шарықтауы себепті сауда саттық да тоқтап қалды. Сөйтіп бағаны қолдан көтергендер, оны қайтадан түсіруге мәжбүр болады, дейді сарапшылар.

Илхам ИБРАГИМ