Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанайлықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

AstanaTV
20.03.2016ж. 14:00
2258
Қостанайлықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

Тобыл өңірінің сайлаушылары бүгінгі маңызды шараға белсенді қатысып жатыр. Әсіресе студент жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен  ауыл шаруашылық саласының өкілдері таңмен таласа өз таңдауларын жасауға асықты. Дәл қазір әріптесіміз Заңғар Санай тікелей байланысқа Қостанайдан қосылды. Заңғар, сөз тізгіні өзіңізде.

Заңғар Санай, тілші:

Қайырлы күн, Ләйлә! Ел көлемінде өтіп жатқан  елеулі шараға Қостанай тұрғындары да  ерекше атсалысып, белсенділік көрсетуде. Облыс бойынша 818  сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Бүгін Тобыл өңіріндегі жарты миллионннан астам сайлаушы өз таңдауын жасауы тиіс. Соның 140 мыңға жуығы облыс орталығында дауыс береді. Мен қазір Қостанай мемлекеттік университетінде орналасқан нөмірі бірінші сайлау учаскесінде тұрмын. Комиссия төрағасы Мейрамбек Тастановтың хабарлауынша, тізім бойынша тіркелген тұрғындардың басым бөлігі түскен дейін дауыс беріп үлгерген. Мейрамбек Ғабдуәлиұлы, осы жерде бүгін қанша адам дауыс беруі керек және саяси науқанға  сайлаушылар қаншалықты атсалысып жатыр?

Мейрамбек Тастанов, Қостанай қалалық № 1 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

Біздің нөмірі 1 сайлау учаскесі бойынша 1533 сайлаушы тіркелген. Біз енді регламент бойынша сағат 7-ден өзіміздің есігімізді айқара ашып, сайлаушыларды қарсы алып жатырмыз. Алғашқы 1 сағаттың өзінде, мысалы, бізде 200-ден артық сайлаушы өз қалауларын жасады.

Сайлау сәтінде өз таңдауын жасауға өңірдің диқандары да асықты. Солардың бірі облыстық фермерлер одағының төрағасы Владимир Дранчук. Ол бүгінгі саяси науқанда сайланатын халық қалаулыларына үлкен үміт артады.

Владимир Дранчук, диқан: 

Жаңадан сайланатын депутаттар құрамы ауылға айрықша көңіл бөліп, ондағы өзекті мәселелерді тереңірек қарастырып, оңтайлы шешім шығарады деп сенемін. Мәселен, ауыл шаруашылық кооперативтерін құру туралы заң шықты. Бірақ шаруаларды қолдау жүйесі секілді олқы тұстарын әлі де қарастырып, оңтайлы шешім шығаруы керек.

Облыс бойынша сайлау барысын сегіз жүзге жуық қоғамдық байқаушылар жіті назарда ұстап отыр. Олардың айтуынша, заң бұзушылықтар байқалған жоқ.

Заңғар Санай, тілші:

Қостанай облысында барлық деңгейдегі мәслихат дпеутаттығына 906 үміткер тіркелген және 301 депутаттық мандат таласқа түседі. Облыстық сайлау комиссиясының ақпарына сәйкес, 1 мыңнан астам қостанайлық өзге өңірде дауыс береді. Олар тұрғылықты мекен-жайы бойынша есептен шығу куәліктерін алған. Осы құжатпен облыс тұрғындары еліміздің кез-келген сайлау учаскесінде дауыс бере алады.